Мектептерде ақша жинауға жол жоқ

Мектептерде ақша жинауға жол жоқ
18.10.2019 Жалпы

2019 жылғы 18-қазанында  Ұ.Құлымбетов атындағы  № 64 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ақша жинауға жол жоқ» науқаны өткізілді. Аталмыш іс-шараны «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты - ата-аналар мен білім беру мекемелерінің  ұжымы арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Мемлекет оқу орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және білім беру мекемелерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін  қажетті қаражатты толық көлемде бөлгеніне қарамастан, мектеп қажеттіліктеріне ата-аналардан ақша жинау мәселесі  әлі күнге дейін өзекті болып келеді.

Акция аясында  «Ақтөбе – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен оқу орынның өкілдері, ата-аналар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен  кез-келген жарна түрлері заңсыз болып табылатыны туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер анықталған жағдайда тұрғындар «Ақтөбе – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесіне хабарласа алады.