МАВР АБДУЛЛИН ТУРГЕНЕВ КӨШЕСІНДЕГІ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
12.12.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін қала басшысы көпқабатты үйдің ауласын қарап шықты. Тұрғындар бұған дейін облыс әкіміне барып, ауланы ретке келтіруді, абаттандыруды, сондай-ақ балалар алаңын орнатуды сұраған болатын.

Жиын барысында тұрғындар ПИК-тің жұмысын сынға алды. Олар көпқабатты үйдің шатырын өздері бірлесіп, жөндеп алуы керек. Алайда тұрғындар өзара келісімге келе алмай отыр.

«Пәтер иелері кооперативінің төрағасын әкімдік емес, халық сайлайды. Тұрғындардың жалпы отырысында төрағаны өзгерте аласыздар. Келер жылы Ақтөбе қаласында көпқабатты үйлердің 100 ауласы абаттандырылады. Сіздердің де аулаңыз ретке келтіріледі», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.