МАВР АБДУЛЛИН ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

МАВР АБДУЛЛИН ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
08.11.2019 Мәдениет және спорт

Бүгін, 8 қараша күні Ақтөбе қаласы әкімі М.Е.Абдуллиннің төрағалығымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қалалық спартакиаданың жабылу рәсімі өтті.

«Спорт адамдарды достастырады. Бір жұдырықтай жұмылып, спартакиадаға қатысқандарыңыз керемет! Бұл әрі қарай өз жалғасын табуы керек. Ертең облыстық деңгейде өтетін жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болыңыздар», - деді шаһар басшысы Мавр Абдуллин мемлекеттік қызметшілерге.

Айта кетейік, өткен аптада қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі жарыс ұйымдастырған болатын. Оған 8 команда қатысып, қалалық мемлекеттік қызметкерлер волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу секілді спорт түрлерінен өздерінің бақтарын сынады.

Жеңімпаз командалар және қатысушылар дипломдармен, мадақтамалармен және медальдармен марапатталады.

Биыл 19-24 қарашасы аралығында облыстық спартакиада өтеді, оған Ақтөбе қаласынан 2 команда қатысатын болады.