Мавр Абдуллин қабылдауға келген тұрғындардың барлығын қабылдады

Мавр Абдуллин қабылдауға келген тұрғындардың барлығын қабылдады
08.08.2019 Мемлекеттік басқарма

Қабылдауға 70-ке жуық тұрғын келді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше қала әкімі Мавр Абдуллин Халықтық кеңсе ғимаратында жеке сұрақтар бойынша қала тұрғындарын қабылдады. Сонымен қатар қабылдауға  облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы, сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй қатынастары, кәсіпкерлік, білім беру, сәулет және құрылыс бөлімдерінің жетекшілері де қатысты. 

Халықтық кеңсе пікір алмасуға мүмкіндік беретін ашық алаңға айналды. Көптеген тұрғындар қала басшысына әлеуметтік мәселелерді шешу өтінішімен келді. Мавр Абдуллин  қабылдауға келген тұрғындардың барлығын қабылдады.