Мавр Абдуллин инженерлік желі тарту жұмыстарын тезірек аяқтауға тапсырма берді

Мавр Абдуллин инженерлік желі тарту жұмыстарын тезірек аяқтауға тапсырма берді
09.09.2019 Жалпы

Жексенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бірқатар нысандарға барды. Соның бірі – Берсиев көшесіндегі жерасты жаяу жүргінші өтпе жолы. Осы нысанды өз қаражатына салған меценат Төлеген Таңатаров қала әкімінен жерасты өткелінің жарықтандыру мәселесіне назар аударуын сұрады. Сондай-ақ, аталған жерде құқықбұзушылықтың алдын алуы мақсатында бейнекамера орнату мәселесі де көтерілді. 

Содан кейін қала әкімі «Рауан» тұрғын үй массивіне барды. Онда 300 орынға арналған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мердігер білім ордасын келесі жаңа оқу жылы қарсаңында тапсыруды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» ЖШС-нің автобустарын жаңарту мәселесі де талқыланды. 

Сапар барысында шаһар басшысы «Нан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалықтың меншігінде шамамен 5000 га егін салатын және жайылымдық жер, 420 бас ірі қара мал, 200 бас жылқы және 600 бас ұсақ мал бар. 

«Рауан», «Ақшат-3», «Қурайлы», «Жаңақоныс», «Құрашасай», «Бауырластар-3», «Думан» тұрғын алаптарынына инжернерлік желі тарту мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Шаһар басшысы Мавр Абдуллин аталған аймақтардағы инженерлік жүйелерді тарту жұмыстарын тексеріп, мердігер ұйымдарға шаруаны тездетіп аяқтауға тапсырма берді.