Маусым айының 14-15 күндері Ақтөбеде ІІІ- ашық аймақтық «Әлия Гүлі» Таланттарды іздейді» фестиваль-байқауы өтеді

Маусым айының 14-15 күндері  Ақтөбеде ІІІ- ашық  аймақтық «Әлия Гүлі» Таланттарды іздейді» фестиваль-байқауы өтеді
13.06.2018 Жалпы

Маусым айының 14-15 күндері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне, Астана қаласының 

20 жылдығына, «Халықтық ұжым» «ӘЛИЯ ГҮЛІ» қазақ би ансамблінің 40 жылдығына, «қалалық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің 65 жылдығына арналған ІІІ – ашық аймақтық «Әлия Гүлі»  Таланттарды іздейді» атты фестиваль-байқауы өтеді.

Фестивальға әр аймақтан 12 би ұжымдары қатысады. Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарынан келген би ансамблдері өз өнерлерімен бөліседі.

1. «Халықтық ұжым» «Махаббат» би ансамблі
Жамбыл облысы, Қордай ауданы.
2. «Нұрсұлтан» қазақ би ансамблі,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы.
3. «Дархан» би ансамблі - Атырау қаласы.
4. «Алтын Өрмек» би ансамблі - Атырау қаласы.
5. «Ботакөз» би ансамблі - Атырау қаласы.
6. «Достық» вокалды- хореографиялық ансамблі - Орал қаласы.
7. «Халықтық ұжым» «Ақ Жайық» би ансамблі  - Орал қаласы.
8. «Халықтық ұжым» «Қарлығаш» би ансамблі - Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы.
9. «Народный коллектив» «Русский Сувенир» би ансамблі-
Ақтөбе қаласы.
10. «Халықтық ұжым» «ГҮЛДЕР-АЙЫМ» Ақтөбе қаласы.
11. «Үлгілі ұжым» «Еңлік» би ансамблі- Ақтөбе қаласы.
12. «Маржан» би ансамблі - Ақтөбе қаласы.

Фестивальдің мақсаты:

Би өнерін дамыту, өнердегі достық ықпалдастықты орната отырып, өзара тәжірибе алмасу, би өнеріндегі  таланттарды табу.

Байқаудың қазылар алқасы:
1.Вера Ивановна Исхакова - Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы)
2.Магомед Аллахберди оглы Гулиев  
Баку қаласы, Әзірбайджан Республикасы (Ресей Федерациясы)

Фестиваль екі күнге созылады.

Фестивальдің алғашқы күні сағат 10.00-13.00 аралығында  хореограф-педагогтардың дөңгелек үстелі, тәжірибе алмасуы, шеберлік сағаттарымен басталып, сағат 14.00-17.00 аралығында сахна дайындығы мен кіші формадағы (Соло, Дуэт) байқауы өтеді. 

Кешке сағат 19.00де «Халықтық ұжым» «ӘЛИЯ ГҮЛІ» қазақ би ансамблі фестиваль қонақтарының және Қалалық мәдениет Үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Әлия Гүлі» достарымен бірге» мерейтойлық мерекелік бағдарламасын ұсынады.

Фестивальдің 2-шікүні сағат 10.00де Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне арналған «Әлия» мемориальдық кешенінде фестиваль қатысушыларының шеруі және гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Фестивальдің салтанатты ашылуы:
сағат:14.00де Қалалық мәдениет үйінің алаңында салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 
сағат 15.00-де ұжымдар арасындағы байқау басталады. 
сағат 20.00-де Қалалық мәдениет үйінің көрермен залында фестиваль-байқаудың  салтанатты жабылуы мен Гала концерті өтеді.