«ӘЛИЯ ГҮЛІ» достарын қарсы алады» атты VІІІ Ашық балалар және жасөспірімдер» шығармашылық фестивалі өтті

«ӘЛИЯ ГҮЛІ» достарын қарсы алады» атты VІІІ Ашық балалар және жасөспірімдер» шығармашылық фестивалі өтті
18.06.2019 Жалпы

«ӘЛИЯ ГҮЛІ» достарын қарсы алады» атты VІІІ Ашық балалар және жасөспірімдер» шығармашылық фестивалі  Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына, «Жастар» жылына және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 94 жылдығына арналып ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты қазақ  халқының  қайсар қызы, Кеңес  Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың  есімін жас ұрпаққа  таныту.

-   Ұлттық  би өнерінің мәртебесін арттыруда  тәжірибе  мен  өнердің  ықпалдастығын  қалыптастыру.

-    Өнер ұжымдардың өзара достық  қатынасын  нығайту.

3 күнге созылған  фестивальге 12 өнер ұжымы, барлығы  230  адам  қатысты. Фестивальге арнайы Нұр-сұлтан қаласынан  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЙДАУЛЕТ САЗАБЕКОВ пен Түркия елінің Измит қаласынан   ABDULLAH  KOKTURK қонақ ретінде қатысты. Биыл алғаш рет фестивальге Литва мемлекеті Плунге  қаласынан «SUVARTUKAS» ансамблі келіп отыр. Сондай-ақ, Мәскеу қаласынан  «СОЦВЕТИЕ» ансамблі, Орал қаласынан  «НҰРБИБІ» ансамблі,  Ақтөбе облысы, Қобда ауданы «ҚАРЛЫҒАШ»  ансамблі,  Ақтөбе  қаласынан «ГҮЛДЕР - АЙЫМ», «РУССКИЙ  СУВЕНИР», «ШАБЫТ»,    «СҰҢҚАР» - вокалдық  ансамблі, №61 мектеп оқушысы АРМАН  МҰХАМБЕТҚАЗЫ, «ЕҢЛІК» ансамблі мен   «ӘЛИЯ ГҮЛІ»  қазақ би ансамблі қатысып, өнерлерін ортаға салды.