Қуыршақтар керуені

Қуыршақтар керуені
23.04.2019 Жалпы

Театр ұжымы 30 наурыз - 9 сәуір аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай өңіраралық шығармашылықты дамыту, қуыршақ өнерін өркендету мақсатында Халықаралық «Қуыршақтар керуені» іс сапары аясында «Жадыра жайна, достар!» эстрадалық  шоу бағдарламасымен Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Семей және Нұрсұлтан қалаларына  барып қайтты. Шараның өтуіне белсене атсалысып, қолдау білдірген барша театр ұжымына зор алғыс білдіреміз!

«Алақай» өнерін өрлетер маңызы мол, айтулы шараның ендігі бағыты Ресей Федерациясы.