Құрметті Ата-аналар!!!

Құрметті Ата ана!!!
05.09.2019 Білім

Ақтөбе қаласының білім бөлімі Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің м.а. 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығымен «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру» жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау мақсатында 2018 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекке тұрғызу және жолдама беру қызметі автоматтандырылды.

Бүгінгі таңда ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарға жолдаманы үйден шықпай, электронды түрде ала алады.

Ол үшін Balabaqsha.akt.kz интернет ресурсына электронды цифрлы қолтаңба арқылы кіру қажет. Бұл жүйені енгізудегі мақсат мемлекеттік қызметті оңтайландыру, берілетін қызметтін ашықтығын қамтамасыз ету және қала тұрғындарының қызметті алудағы уақытын азайту болып табылады.

Бос орындар бойынша ақпаратты әр балабақшалар аптанын бірінші күні жариялайды.  Бұл бос орындар кезек бойынша беріледі.

Жеңілдік санатына жататындарға балабақша бірінші беріледі

Кезектен тыс жолдама алатындардың тізімі төмендегідей:

• Әскери қызметкерлердің балалары;
• Мүгедек балалар;
• Ата-ананың қарауынсыз қалғандар;
• Жетімдер;
• Көп балалы отбасынан шыққан балалар;
• Ерекше күтім мен білімді қажет ететіндер жолдаманы ала алада.
• Осы тізімде болсаңыз, растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасын жеке кабинетіңіз арқылы жүктейсіз.

Егер осы ата-аналар жолдамаға қызығушылық танытпаған жағдайда, бос орындар барлық кезекте тұрғандарға қолжетімді болады.

Аталған жүйеде жұмыс жасау бойынша қалалық білім бөлімінен және қала балабақшаларынан кеңес алуға болады.

Техникалық құралдар (компьютер) қолжетімсіз болған жағдайда Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады

Назар аударуды сұраймыз!

Balabaqsha.akt.kz сайтында кезекті басқару жүйесі бақылауды ұйымдастырады және өтініш берушіге 16 қыркүйекке дейін мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі екенін растауға мүмкіндік береді. Осыған орай ата-аналар қызушылығын растамаған жағдайда балабақша кезегінен алынып қалатындығын ескертеміз!