Құрметті Ақтөбеліктер!

Құрметті Ақтөбеліктер!
01.12.2019 Мемлекеттік басқарма

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – тәуелсіз Қазақ елі үшін маңызды мемлекеттік мереке. Бүгінде еліміз әлемдік кеңістікте танылған жас, жаңашыл, жасампаз мемлекетке айналды. Арқа төсінде елордамыз еңсесін тіктеді.  Өзінің даму бағдарын айқындаған, елдігін мойындатқан Қазақстан — 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы, береке-бірліктің Отаны. Ел халқымен арман-мақсаты тоғысқан ақтөбеліктер мемлекеттілігіміздің қалыптасуы бағытында, әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың жолында сүбелі үлес қосып келеді.

Еліміздің батыс аймағында Ақтөбе жыл сайын халқының саны өскен, әлеуеті зор шаһарға айналды. Бұдан әрі қаламыздың дамуындағы қиындықтарды сіздермен бірге еңсеретінімізге сенімдімін.  

Құрметті ақтөбеліктер! Сіздерді мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бекере-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.