Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!
13.06.2018 Мәдениет және спорт

Егер сіз футболды жақсы көрсеңіз және Ресейде жалауын көтерген әлем чемпионатының матчтарын достарыңызбен немесе отбасыңызбен бірге тамашалағыңыз келсе, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа шақырамыз. 14-15-16 маусымда  20-00 сағатта саябақтағы үлкен ЛЭД-экранда мундиалдың қызықты матчтарының трансляциясы ұйымдастырылады. Бұл жерде сіз алған әсерлеріңізді қасыңыздағы адамдармен бөлісе аласыз.

Сіздерді 14 маусымда сағат 20-00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа біріншіліктің алғашқы ойыны Ресей мен Сауд Арабиясы командаларының кездесуін тамашалауға шақырамыз.

Бірге жанкүйерлік етейік!