«Қурайлы» Мәдениет үйінде жастарға арналған шара өтті

«Қурайлы» Мәдениет үйінде жастарға арналған шара өтті
24.10.2019 Жалпы

«Қурайлы» қалалық Мәдениет үйінде 2019 жылғы24-қазандаЖастар жылына арналған «Жастық менің жаныма жыр байлады» атты  жас мамандар  фестивалі өткізілді.     Фестивальге 29 жасқа дейінгі жас мамандар қонақ ретінде шақырылды. Қатысушы жас мамандар «Мамандығым-мақтанышым», «Қонақкәде», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» бөлімдері бойынша өзара бәсекеге  түсті. Шараға Қурайлы елді мекеніндегі №59 және Елек орта мектептерінің 9-11класс оқушылары мен ұстаздары қатысты. Фестиваль аясында «Қалалық жұмыспен қамту орталығы»  ММ бос жұмыс орындар  жәрмеңкесін өткізді.  

Жастарға арналған фестивальдің мақсаты – Жастар жылын қорытындылау, дарынды, белсенді  жастарға қолдау көрсету, оларды марапаттау, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру.

Қатысушы  жас мамандар Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Ә.Әуелбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.