КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН БАҒДАРШАМ
18.07.2020 Жалпы

Қарғалы елдімекенінің (Жилянка) перинаталдық орталық тұсында күн батареясы арқылы жұмыс істейтін бағдаршамдар орнатылды. Яғни күннен қуат алатын бағдаршам үшін электр қуаты шығындалмайды. Бұл жаяу адамдар үшін ыңғайлы,осы ауданның тұрғындары көп күткен жаңалық. Себебі осыған дейін бұл маңда бірнеше рет жол-көлік оқиғалары тіркелді. Қауіпті аумақ болып есептеледі. Ал күн батареялары арқылы жұмыс істейтін автономды бағдаршам облыста бірінші рет орнатылып отыр. Болашақта қаланың өзге де аумақтарына қою жоспары бар.