ҚР Ішкі істер министрі Ақтөбе қаласына келді

ҚР Ішкі  істер министрі Ақтөбе қаласына  келді
18.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Бейсенбі, 18 сәуір күні ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе қаласына іс-сапармен келді.

Жұмыс сапары облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуден басталды. Содан соң, министр мен аймақ  басшысы  Ақтөбе  облыстық  Ішкі  істер дапартаментіне барып, қызметкерлеріне  жаңа басшыны  таныстырды.  Президент Әкімшілігінің  келісімімен  полковник Атығай Арыстанов  Ақтөбе облысының  ІІД бастығы болып тағайындалды.

Атығай Арыстанов  бұған дейін  ҚР ІІМ «Экстремизмге  қарсы  күрес» департаментінің басшысы қызметін атқарған. Ішкі  істер  органдарында    1992 жылдың  желтоқсан айынан  бастап қызмет етіп келеді.

Министр сондай-ақ, құқықтық қызмет көрсету және көші-қон орталықтары  орналасқан  «Халықтық  кеңсенің»  жұмысымен  танысты.

Бұдан өзге, ІІМ басшысы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановпен бірге «Энергияны тиімді пайдалану» орталығында  орналасқан аудандық полиция бөлімшелерін және Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығын  көрді.