КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
06.07.2020 Көлік

Бүгін Оңтүстік айналма жолда салынған көпір пайдалануға берілді. Қала әкімі Асхат Шахаров осы бағытта жол салып жатқан медігер мекеме "КТП" серіктестігінің басшысы Н.Павлычевке сапаға аса мән беруді тапсырды.

"Елорда күнінде ашылған көпір тоғыз жолдың торабын Елбасының өзі мұрындық болып салғызған  Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізіне қосады. Яғни,ауыр жүк көліктері қалаға кірмей,аты айтып тұрған оңтүстік айналма жолмен өтеді. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді",- деді қала әкімі Асхат Шахаров.

13 км. Оңтүстік айналма жолдың "КТП" ЖШС 3,2 км болатын көпірді пайдалануға берді. Кепілдік мерзімі - 5 жыл. Көпір жарықтандырылып, қажетті жол белгілері қойылады. Ал қалған 10 шақырымында жұмыс жалғасып жатыр.