Конкурс туралы хабарландыру «№34 орта мектебі КММ

Конкурс туралы хабарландыру «№34 орта мектебі  КММ
18.03.2019 Білім

Ақтөбе қаласындағы «№34 орта мектебі  КММ (030007 Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 7, сайт http://goo.akt.gov.kz/)

Орта білім ұйымдарындағы оқушыларды тамақпен тамақтандыруды жөнінде конкурс ұйымдастыратындығын хабарлайды. 

Қызмет: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында  орналасқан «№34 орта мектебі» КММ-нің білім алушы аз қамтылған отбасы балалар саны – 48 оқушы,  тамақтандыруға бөлінген сома –1099987 тенге 84 тиын (Бір миллион тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз сексен жеті тенге 84 тиын) 00 тиын.

Бір оқушыға 6-11 жас аралығындағы – 200,89 теңге (ҚҚС-сыз) 11-18 жас аралығындағы- 209,82 теңге (ҚҚС-сыз)

Қызметті көрсету мерзімі 03 сәуірден бастап 30 желтоқсан 2019 жылға дейін.(112 күн)

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2019 жылғы «28» наурыз  дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 7, есеп бөлімі сағат 13:00-ге дейін және/немесе http://goo.akt.gov.kz/ интернет-ресурсынан алуға болады.

Конкурсқа қажетті құжаттар мен қосымшалар сілтемені басыңыз

Өтінімдер салынған конверттерді ашу туралы хаттама

Конкурсқа қатысу туралы хаттама

Конкурстың қорытындылары туралы хаттама

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер «№34 орта мектебі» КММ мына мекенжай бойынша Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 7, есеп бөліміне жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2019 жылғы 28 наурыз сағат 17-00  дейін. (жергілікті уақытпен)

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2019 жыл 29 наурыз күні мына мекенжай бойынша :  Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 7 кітапхана кабинет, Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимараты,  сағат 10:00-де ашылады.(жергілікті уақыт)

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 /7132/ 44-59-05,44-59-06