Көлік кептелісін тудыратын жол қиылысы жөнінде көшпелі кеңес өтті
19.10.2019 Көлік

Сенбі күні шаһар басшысы Мавр Абдуллин көлік қозғалысына кедергі тудыратын жолдар мәселесін көтерді. 5 мөлтек ауданы көпірі маңында, Ә.Молдағұлова даңғылы мен  312 атқыштар дивизиясы даңғылы қиылысында көшпелі жиын өтті. Осы аймақта қарбалас сәтте көліктер кептеліске түсіп қалады екен.

Бұдан басқа, 11 мөлтек ауданы көпірінен түскенде де осыған ұқсас жағдай қайталанады. Сонымен қатар, Тургенев көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығы алдында көліктер жаяу жүргіншілерді өткізу үшін жиі тоқтауға мәжбүр.

Жиын барысында шаһар басшысы аталған мәселелерді шешу үшін жауапты мамандардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдады.