Қоқыс сұрыпталады

Қоқыс сұрыпталады
08.11.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласында "Neoplus" ЖШС 12 шағын ауданда ірі көлемді қоқыстарды жинауға арналған бункер орнатты. Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин көшпелі баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, журналистерге атқарылып жатқан жұмыс барысын таныстырды. Компания қалада пластикті, шыны мен қағазды бөлек жинау үшін 100-ден астам контейнер орнатты. Бұл үйлердің аумақтардағы контейнерлік алаңдардың айналасында стихиялық қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуына жол бермейді деп болжануда. Сонымен қатар, шикізатты қабылдау пункттері ашылды. Онда шыны, картон, алюминий банкалар, макулатура, пластик бөтелкелер, полиэтилен қабылданады.