КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16.02.2021 Жалпы

2021 жылғы 16 ақпанда Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
ТЖК отырысына «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК басшылары, ТЖ Басқармасы және басқа да ұйымдар өкілдері қатысты.
Отырыс барысында су тасқыны жағдайларына жол бермеу бойынша дайындық іс-шаралары талқыланды. Қала аумағында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары басталды. Көктемгі жұмыстарға 100-ден астам ассенизатор, 20-дан астам арнайы техника және 5 мотопомпа әзір тұр, сондай-ақ 4000 тонна инертті материал (құм, саз және т.б.) дайындалды.
Бұл бағыттағы басты жұмыстардың бірі - қала аумағынан қарды күнделікті шығару. Оған қала бойынша 8 мердігер ұйым (160-тан астам арнайы техника) жұмылдырылған. Бүгінгі күні қала аумағынан 143 400 текше метр қар қоқыс полигоны ауданында және Ақжар-2 аймағындағы арнайы белгіленген қар полигондарына шығарылды.
Жергілікті атқарушы органдар ағын су арналары мен суағарларды тазарту жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, күн сайын кезекшілікке азаматтық қорғау органдарының 63 қызметкері және 18 техника шығады.