ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
10.02.2020 Жалпы

Бүгін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға келгендер негізінен үй құрылысына, автобустардың бағытына қатысты мәселе көтерді. Жангелді Елеусізұлы жауапты бөлімдер басшыларымен бірге әр тұрғынның сұрағын жеке талқылады. Қоғамдық көліктердің жүру бағытына, жүргізушілердің мәдениетіне қатысты қойылған сұрақтар бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров әр аптаның бірінші күні тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.