Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті
17.11.2020 Жалпы

 Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі "ұрлық" бойынша құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдар, сондай-ақ өздерінің ата-аналық міндеттерін орындамаған ата-аналарға қатысты материалдар қаралды.
Отырыс соңында комиссияның шешімі бойынша, 1 материал бойынша Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-ана құқығынан айыру бойынша  сотқа материал жолдауға, қалған ата-аналарға ескерту берілді.