ӘҚК Әскери институтының әскери қызметшілері «Наурыз мейрамын» атап өтті

ӘҚК Әскери институтының әскери қызметшілері «Наурыз мейрамын» атап өтті
13.04.2019 Жалпы

Наурыз мейрамы - Қазақстандықтар үшін ең маңызды көктемгі мереке. Бұл достық пен берекенің, табиғаттың көктемгі жаңаруының символы. Наурыз - түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу кезінде бес жүз мың жылдан бері тойланады.

2019 жылғы 13 сәуірінде Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талгат  Бигелдинов атындағы ӘҚК Әскери институтында «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты шаралар өтті. Заманнан бері бұл мереке табиғаттың жаңғыруы мен гүлденуін, сондай ақ, жаңа жетістіктер үшін адам рухының жаңаруын, жаңғыруын бейнелейді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында, «Наурыз мейрамы» адамдарды этикалық және діни көзқарастарына қарамастан біріктіретін, шын мәнінде ұлттық мерекеге айналды.

Наурыз мерекесіне Әскери институттың басшылығы, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, мемлекеттік қызметшілер, әскери бөлімдердің және мекемелердің командирлері, жоғары білім орындарының ректорлары, сондай-ақ, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері шақырылды. Қала әкімі Ілияс Сапарбекұлы жиналғандарды көктем мейрамы Наурызбен құттықтап, оларға денсаулық, отбасына бақ-береке тіледі.
Дәстүрлі түрде ӘҚК Әскери институтының шеру алаңында киіз үйлер орнатылды, сол жерде қатысушылар мен қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды,  мерекелік Наурыз көже  ішті. Сондай-ақ, көрермендер үшін ұлттық «Көкпар» ойыны көрсетілді, балалар үшін «Алтыбақан» ойыны болды.

Айта кету керек, осы күні «Ашық есік күні» ұйымдастырылды және ең төмен баға бойынша Әскери институтқа шамамен 10 мыңға жуық қала тұрғыны мен қала қонақтары келді. Олар үшін Ақтөбе филармониясымен бірге көркемөнерпаздар ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырды.

Салтанатты іс – шара ӘҚК Әскери институттының бөлімдері мен басқармасының өкілдерінің импровизациялық мәдени бағдарламасы ерекше форматта өтті, келгендерді өздерінің «Тұсау кесу», «Беташар», «Бесікке баланы салу», «Құда түсу» дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды. Бұл салт-дәстүр дос-туыстарды біріктіру, қуанышты кездерді бірге өткізу, тұрмысты әшекейлеуді білдіреді. Оларды өткізу қазақ халқының дәстүріне, әдет – ғұрыптарына құрмет екендігі даусыз. Өйткені, қазақ халқының ең бай мәдениеті көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпақққа дәстүрін сақтап қалды

Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа берілген халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қазақтың бай мәдени мұрасы. Оны көзінің қарашығындай сақтау  - ұрпақ мұраты.