КЕМЕҢГЕР КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ БАР
21.01.2020 Жалпы

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов қар тазалау жұмыстарына жауапты компанияның жұмысын тексерді. Дәлірек айтқанда, ол Кеңес Нокин ауылына барды. Әлеуметтік желілер арқылы осы ауылдағы Кемеңгер көшесі тазартылмай жатыр деп шағым түсірген тұрғынмен кездесті.

Бұл аумаққа «Ерхат жолдары» ЖШС қызмет көрсетеді. Мердігер компания басшысы Мұхтар Ермұханов  та барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кемеңгер көшесі көлік өтетіндей деңгейде тазартылғаны көрініп тұрды. Дегенмен, тұрғындар көшені кеңейтіп беруді сұрады. «Әзірге автокөлік жолы бір жолақты етіп аршылды. Қалған көшелерді де тазалаймыз», — деп мердігер ұйым басшысы Мұхтар Ермұханов тұрғындарға жол тазартудың тәртібін түсіндірді.