Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына - 175 жыл
14.09.2020 Білім

А.С Пушкин атындағы саябақта "Абай әлеміндегі ұлылар үндестігі" атты мәдени шара өтті. Данышпан Абай өз заманында орыс классигі А.С.Пушкинді қалың қазаққа танытты. Екі аудармашы, екі классиктің еңбектері өскелең ұрпаққа өнеге, саф алтындай құнды дүние.
Тағылымы мол шара арқылы ақындардың шығармашылығы насихатталды.
Тәрбиелік танымдық шараға философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бижан Қалмағанбетов және  қоғам белсендісі Алмас Жантекенов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова және кітапхана оқырмандары,жастар қатысты. Табиғат аясында, ашық аспан астында екі ақынның өлеңдерін, қара сөздерін жатқа  оқыған оқушылар марапатталды.