Қарттар үйі күрделі жөндеуден өтеді
05.10.2020 Жалпы

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қарттар үйінде тұрып жатқан қариялармен кездесіп, Қарттар күні мерекесімен  құттықтады.
Облыс әкімінің  тапсырмасы бойынша биыл  орталық   ғимаратын  жөндеу үшін жобалық сметалық құжат  әзірленуде. 2021 жылы күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Осы мерекелік басқосу барысында облыстағы бірқатар  кәсіпорындар мен қоғамдық қор тарапынан қарияларға  қайырымдылық көмектер көрсетілді. Қазір орталықта 200-ден астам  қария тұрып жатыр.