Карантин кезінде жол жөндеу жұмыстары тоқтамайды
09.04.2020 Көлік

9 сәуір, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов және қала әкімі Асхат Шахаровпен бірге оқшауға алынған көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік шараларымен танысты. Ақтөбе қаласында 3 көпқабатты үйдің үш кіреберісі, 1 жеке үй оқшаулауға алынған. Бұдан соң аймақ басшысы қала көшелерінде жүргізіліп жатқан шұқырларды бітеу жұмыстарымен танысты. Карантинге қарамастан жолдарды жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазір мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық шаралар жүргізіліп жатыр. Сәуір айының 20 нан кейін жолдарға кең көлемді күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осы орайда облыс әкімі Оңдасын Оразалин Асхат Шахаровқа қала тұрғындары үшін өзекті мәселеге айналған жолдарды жөндеу жұмыстарын бақылауға алуын, және үнемі қадағалап отыруды тапсырды. Өңір басшысы көшелерде жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстарын қарады. Медициналық залалсыздандыру мекемесі бұл жұмыстарды күнделікті атқаруда.