ҚАЛАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ
23.07.2020 Жалпы

Облыс басшысының тапсырмасымен мамандар қазір қаладағы жағымсыз иісті жоюмен айналысуда. Қала әкімдігінің жанынан шаһардың экологиялық ахуалын бақылау және тұрақтандыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына экология департаментінің қызметкерлері, Ақтөбе рельс арқалық зауытының және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының сарапхана мамандары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, коммуналдық кәсіпорындар өкілдері, блогерлер, қалада танымал пабликтердің әкімшілері, қоғамдық кеңестің және «Ақтөбе, Дыши» қоғамдық қозғалысының өкілдері кірді. Жағымсыз иісті жоюдың механизмдері, бақылау алгоритмі жасалды.
Жұмыс тобы рейдтік шаралар ұйымдастырып, жағымсыз иістің себепшісі болуы мүмкін кәсіпорындарды, кәріз жүйелерін тазарту құрылғыларын тексереді.
Қалада өндірістік қалдықтарын кәріз жүйелеріне құятын 300-ден астам кәсіпорын бар. Оның ішінде 30 компания - ең ірі өндіріс ошақтары. Тексеру барысында өндірістік ағындарды тазарту бойынша тиісті құрылғыны орнатпаған кәсіпорындарға өндірісті тоқтатуға дейін шара қолданылады.