
Ақтөбеде қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу аясында «Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем» атты жылжымалы тақырыптық кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Көрмеде: «Ескі қаланың» фотосуреттері, кітаптар, жергілікті жазушылар мен ақындардың шығармалары ұсынылады.
Мақсаты – Оқырмандар мен қала тұрғындарын Туған өлкеміздің тарихымен таныстыру, жергілікті ақын – жазушылардың шығармаларына шолу жасау, қоғамның, соның ішінде жас буын балалардың, жастардың көңілін кітапханаға аудару, кітап оқуды жандандырып, кітапқа деген қызығушылықты арттыру.