ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
05.10.2020 Жалпы

Қала әкімі Асхат Шахаров Ақтөбеде жасалып жатқан бірқатар жұмыстарды облыс басшысы Оңдасын Оразалинге баяндады.   
Аймақ басшысы Қ.Сәтбаев көшесіндегі #18,20, 20/2  көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда аула ішілік жолдарға  асфальт  төселіп, футбол және  балалар ойын алаңы салынды. Жалпы аумағы 3477 шаршы метр болатын аумақтағы жұмыстар  қыркүйек айында басталған болатын. Қазан айының соңына дейін толық  аяқталуы тиіс. 30 жылдан аса  жөндеу көрмеген аулалар жарықтандырылды,жаңартылды. Жергілікті   тұрғындар атқаралған жұмыстар үшін алғыс білдірді.
Оңдасын Оразалин бұдан соң  Құрмыш ауданындағы жолдардың жөнделуін көрді. Ұзындығы 1850 метр болатын ішкі көшені қалыпқа келтіру жұмыстары  биылғы жылдың тамыз айында басталған болатын.
Облыс әкімі  Т. Ахтанов,  Ы. Алтынсарин көшелерін жаяу аралап, кейбір жеке нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар,  101-атқыштар дивизиясы көшесінде жасалған жаңашылдықтармен танысты.  Мұнда кешкі уақыт 20:00  көліктің жүруіне тыйым салынып, тұрғындардың алаңсыз  демалуына мүмкіндік беріледі. Аллеяда көшеге  сән беретін  шамдар, жарнамалық лед экран орналастырылған.  “Жалпы Ақтөбеде жолдарды жөндеу, аулаларды қалыпқа келтіру, балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мұның барлығы тұрғындардың игілігі үшін атқарылып жатқандығын айтқым келеді. Бұл бұдан әрі жалғасатын болады. Биылдың өзінде 100-ден аса жол жөндеуден өтіп, 40 аула қалыпқа келтірілмек”, - деді өңір басшысы.