Қаламыздағы ең сүйікті жер

Қаламыздағы ең сүйікті жер
30.01.2019 Жалпы

Өзіміз тұратын қаламызды әрбіріміз жақсы білеміз. Оның көрнекті жерлерін,көрнекті ғимараттарын,танымал орындарын біледі.Бірақ әр адамның өзінің ең жақсы көретін,қалада дем алатын жерлері бар.Мүмкін кейбір адамдар ол жерлерден мән бермей өтіп кетеді, сондай жерлер адамға өткен өмірін,жақсы сәттерін, көңілді күндерін естеріне түсіреді. Өздеріңіздің жақсы көретін көшелеріңіз,аулаларыңыз,ескерткіштеріңіз,сүйікті жерлеріңіз туралы айтып,  «Қаламыздағы ең сүйікті жер» сайысына  қатысыңыздар.

1.Жалпы ережесі

1.1. Қаланың 150 жылдығына арналған қалалық сурет сайысының өткізілуінің жалпы ережесі.(ереже) сайыстың тәртібі мен шарты (әрі қарай сайыс)
1.2.  Сайысты ұйымдастырушылар Ақтөбе қаласының Қалалық Білім Бөлімі.

2.Сайыстың мақсаты

2.1. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне дайындық.
2.2. Сүйікті қаланың өміріне және сұлулығына, тарихына назар аударту
2.3. Талантты адамдарды осы сайысқа қатыстыру
2.4. Қаламызды сүюге, отансүйгіштікке,табиғаттың әдемілігіне,патреттыққа тәрбиелеу.

3.Сайыстың міндеттері

3.1.Ақтөбе қаласының мәдени өміріне, жағымды жағдай жасауға қала тұрғындарын  ат салысуға шақыру.
3.2. Ақтөбе қаласы тұрғындарының шығармашылық бастамаларын жандандыру
3.3.Ақтөбе тұрғындарының көркем талғамын қалыптастыруға ықпал ету
3.4.Жеке тұлғааралық коммуникацияның бірегей орны ретінде мұражай ортасына конкурс арқылы қала жастарын тарту
3.5. Өлкетану саласындағы танымдық қызығушылықты дамыту

4.Сайысты ұйымдастыру

4.1. Қалалық Білім Бөлімінің сайысты өткізуі және ұйымдастыруы
- осы сайыстың жүлдегерлерін марапаттау рәсімін ұйымдастырады;
- сайыстың өткізілу шартын бекітеді;
- жүлдегерлердің марапаттау қорытынды құжатын бекітеді;

4.2. Қалалық білім бөлімі, сонымен қатар эксперттік комиссияны бекітеді
- әділқазы
- әділ бағаларын беру арқылы сайыстың жүлдегерлерін анықтайды
- сайыстың жүлдегерлеріне хаттама толтырады.

5. Өткізілу тәртібі

5.1. Сайыс 2019 жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуір аралығында өтеді,
«Қаламыздағы ең сүйікті жер»  Ақтөбе қаласы туралы ең үздік сурет
5.2. Сайыс үш кезеңнен тұрады.
1 кезең сайыс-2019 жылдың 1 ақпаны мен 15 ақпан аралығында,ақпараттандыру
2 кезең сайыс 2019 жылдың 1 ақпаны мен 15 сәуірі аралығында, сұраныс қабылдау
3 кезең сайыс 2019 жылдың 15 сәуірі  мен 30 сәуірі  аралығында, берілген материялдар мен жүлдегерлерді анықтау.
28 мамырда Ақтөбе қаласының күніне жүлдегерлерді марапаттау
5.3. Сайысқа кез келген қала тұрғындары қатыса алады, жасына,ұлтына қарамайды.

6.Сайыстың шарты

6.1. Сайысқа қатысушылар 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін Қалалық Білім Бөлімінің 36 кабинетіне тапсырады: Алтынсарин 2, телефон:41-74-01 немесе e-mail: gnmc2012@mail.ru ( сайысқа)  төмендегідей  материалдар:
- сұраныс, аты-жөні,туған жылы,күні,айы, жұмыс орны не оқу орны, мекен-жайы,телефоны;
6.2.СУРЕТТІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
•    Қаланың тарихы,құрылуы мен өркендеуі;
•    Қалада болған тарихи оқиғалар;
•    Қаламыздың даңқты жұмысшылары мен әскери дәстүрлері;
•    Қаланың ескі құрылысы;
•    Қаланың заманауи келбеті- ескеркіштер,мұражайлар,көшелер,алаңдар мен бақтар;
•    Сіздің сүйікті демалыс орныңыз бен қызықты жерлеріңіз;
•    Ұлттық мереклер мен той - думандар;
•    Сайысқа қатысты спорттық шаралар мен сайыстар;

6.3. Жұмысты әзірлеуге талаптар:
•    Сайысқа қатысты  жұмыстар ғана қабылданады;
•    Сайысқа акварель,май тағы сол сияқты жұмыс түрлері қабылданады;
•    А4,А3 форматындағы жұмыстар қабылданады;
•    Әр жұмыс компьютермен орындалған этикетімен қабылданады;
•    Автордың жасы,фамилиясы;
•    Жұмыстың аты, техникасы;
•    Ұжымның аты, ұйымдардың аты,аудан аттары;
•    Жетекшісінің аты-жөні,фамилиясы;
•    Этикеті жұмыстың төменгі жағында жабыстырылады;
•    Сайыс тақырыбына жұмыстың сай болуы;
•    Жұмыстың  түпнұсқа күйінде болуы;
•    Автордың өз көзқарасы өзінің жарқын идеясы;

6.4. Сайысқа қатысушыға арнайы бекітілген сұраныс дайындалады, іріктеуден өтеді
6.5. Жұмыстар қайтарылмайды.
6.6. Сұраныс қайта қаралмайды:
- сайысқа қатысты болмаса;
- дұрыс толтырылмаса;
- уақытынан кейін тапсырылса;

7. Сайыс ұйымдастырушыларының міндеті.

7.1. Сайысты ұйымдастырушылардың міндеті:
1)  сайысқа қатысушыларға  бірдей шарт қолдану;
2) сайыс басталғаннан аяқталғанға дейінгі аралықта сайыс қорытындысын күту міндеттеледі;
3) Ақтөбе қаласының ғаламтор парталында сайыстың ережесі мен жариялануын қамтамасыз ету;