Қала жолдарындағы өзгеріс

Қала жолдарындағы өзгеріс
29.06.2018 Мемлекеттік басқарма

Қала тұрғындарының назарына!

1 шілдеден бастап 5-шағын аудандағы Ә.Молдағұлова даңғылы арқылы өтетін көпір екі айға жабылатын болады. Бұл туралы кеше қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғали мәлімдеді.

Жексенбі күні таңғы сағат 6.00-ден бастап 5-шағын аудан арқылы өтетін барлық қоғамдық көліктер Мәншүк Мәметова көшесі арқылы Шәйкенов көшесіне дейін, Шәйкенов көшесінен Сейітов көшесіне дейін, ал Сейітов көшесінен аталмыш жұмыс жобасына сәйкес жаңадан салынған жол арқылы өтетін болады.

— Айта кететін жайт, жұмыс жобасына сәйкес жаңадан салынған жол тек қоғамдық көліктерге ғана арналған. Жолдың жабылуына байланысты уақытша жол белгілері қойылады, — дейді Руслан Төреғали.

Дәл сол күні таңғы сағат 6.00-де бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарына орай жабық тұрған 6 жолақты М.Мәметова көшесі ашылады.

Сондай-ақ көлік жүргізушілері мен қала тұрғындарына қиындық тудырмау үшін көлік жүргізушілері үйреніскенше әр жол қиылысында бағыттаушы мен жол-көлік полицейлері тұрады.