«Қала объективте»

«Қала объективте»
29.01.2019 Мемлекеттік қызметтер

«Қала объективте» атты
Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған фотобайқаудың
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған бұл фотобайқаудың Ережесі (әрі қарай – Ереже) байқауды өткізу мен шарттарын белгілейді (әрі қарай – Байқау).
1.2. Байқаудың ұйымдастырушылары мен құрылтайшысы: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

2. Байқаудың мақсаты

2.1. Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеуге дайындық;
2.2. Туғанқаласынадегенсүйіспеншілік, мақтанышсезімдерін, тарихы мен әсемдігін фотоөнер арқылы жеткізу.
2.3  Ақтөбе қаласы туралы фотоматериалдарды толықтыру.

3. Байқаудың міндеті

3.1. Ақтөбе қаласының  мәдени өміріне қала тұрғындарының қатысуына ықпал жасау.
3.2. Ақтөбе қаласы тұрғындарының шығармашылық бастамаларын жандандыру.
3.3. Ақтөбе тұрғындарының көркемдік талғамдарының қалыптасуын қолдау.
3.4. Фотоөнер саласында еңбек ететін дарынды тұлғаларды анықтау мен қолдау.
3.5. Туған өлкеге деген махаббатын фотоөнер арқылы жеткізу.
3.6. Заманауи шығармашылықтың түрі ретінде фотоөнерді насихаттау.

4. Байқауды ұйымдастыру

4.1. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ:
- байқауды өткізу туралы ұйымдастыру жұмыстарын атқарады және байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізеді.
- байқауды өткізудің шарттарын бекітеді;
- жеңімпаздарды марапаттау туралы қорытынды құжаттарын бекітеді.
4.2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ сонымен қатар, сараптамалық комиссия – әділқазы алқасын бекітеді. Олар:
- байқауға жіберілген жұмыстарды бағалап, байқау жеңімпаздарын анықтайды;
- байқау жеңімпаздары бекітілген қорытынды хаттаманы жасайды.

5. Өткізу тәртібі

5.1. Байқау 2019 жылдың 1 ақпаны мен 31 желтоқсан  аралығында «Ақтөбе туралы ең үздік фото» номинациясы бойынша өтеді.
5.2. Байқау жыл бойы өткізіледі. Жұмысқа қатысуға өтініштер мен жұмыстар әр айдың 15-не дейін қабылданады. Қорытындысы ай сайын, әр айдың 30 күніне дейін шығарылады.  
5.3. Фотобайқауға жас ерекшелігіне, әлеуметтік мәртебесі мен ұлтына қарамастан, Ақтөбе қаласының кез келген тұрғыны қатысаалады.

6. Байқау шарттары
6.1. Байқауға қатысушылар өтініштері мен жұмыстарын 2019 жылдың әр айдың 15-не дейін Алтынсарин көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, 36 кабинетке тапсырады.  Телефон:.8 (7132) 41-74-01, немесе электрондық пошта арқылы:gnmc@mail.ru (Байқауға қатысу туралы белгімен) келесі материалдар ұсынады:
- қатысушының аты-жөні, туған жылы, айы, күні, жұмыс орыны немесе оқу орыны және байланыс телефондары  көрсетілген өтініш.
6.2. Байқауға ұсынылатын фотожұмыстар:
- Ақтөбе қаласының мәдениеті мен тарихи ескерткіштеріне арналуы мүмкін;
- қала тарихы немесе сәулет-табиғи ландшафтттарының жұмыстары болуы мүмкін;
- қала фонындағы фотопортреттер (жеке немесе топтық);
- қала өмірі (спорт, демалыс, балалар және т.б.).
6.3. Электрондық поштаға жіберілген байқауға қатысушыға өтінішті қабылданғаны туралы және байқау қатысушылары тізіміне қосылғандығы туралы белгі жіберіледі.
6.4. Әрбір қатысушы байқауға 5жұмысқа (фотосурет) дейін ұсына алады.
6.5. Байқауға ұжымдар, фотостудиялар, редакциялар немесе өзге де біріккен ұйымдар қатыса алады.
6.6 Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, фо¬тобайқауға қатысуға келісім беретіндігін және осы Ере¬жеде көрсетілген байқаудың шарттарымен келі¬се¬тіндігін растайды және  автор¬лық қаламақысыз және коммерциялық емес мақ¬сатта автордың аты-жөнін көрсетіп шектеусіз көлемде пайдалануға келісім береді.
6.7.  Байқауға жіберілген суреттер келесідей жағдай¬лар¬да фотобайқауға қатыстырылмайды: – фото байқаудың тақырыбына сай келмесе; – суреттің шығармашылық және техникалық сапасы өте төмен деңгейде болса;
6.8. Фотобайқауға компьютерлік графика қабылданбайды және интернет жүйесінен көшірілген, дайын үлгілер пайдаланылып жасалған  фотосуреттер қарастырылмайды.
6.9.  Байқауға ұсынылған жұмыстар (фотосуреттер) қайтарылмайды.
6.10. Фотожұмыстар JPG форматында, А3 форматында шығаурыға ыңғайлы болуы тиіс (әрбір байқауға ұсынылған жұмыс атауы мен авторы болуы тиіс). Сонымен қатар А3 форматында шығарылған түрі.

7. Байқау ұйымдастырушыларының міндеттері

7.1. Байқау ұйымдастырушылары міндетті:
1) барлық қатысушыларына бірдей жағдай жасау;
2) нәтижелерді ресми түрде хабарландыруға дейін мәліметтердің сақталуын қадағалау;
3) байқауды өткізу туралы жариялым мен оның бұқаралық ақпарат көздерінде хабарлануын қамтамасыз ету.

8. Байқау қорытындысын шығару

8.1. Байқаудың жұмыстарын қорытындылау Байқаудың қазылар алқасыҰйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
8.2. Байқау жұмыстары келесі талаптар бойынша бағаланады:
- берілген Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес фотосуреттер;
- жалпы қабылдануы;
- жұмыстың көркемдік деңгейі;
- фотосуреттіңшеберлігі арқылы тақырыптыашу, жұмыстың мазмұны;
- жұмыстың техникалық сапасы;
-  кадрлардың мейлінше мол шынайылығы, фотоөңдеулердің болмауы, коллаждау, монтаждау және т.б.