ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕН 17 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ЖУЫҚ СУ СОРЫЛДЫ
26.02.2020 Көлік

Коммуналдық қызметтер ауа райының жауын-шашын болуына байланысты күшейтілген режимге көшті. Қала бойынша 80 арнайы техника күні-түні дамылсыз жұмысқа кірісті.

26 ақпанға арналған соңғы мәліметтер бойынша қала көшелерінен 17 мың текше метр су сорғызылды. Техника Әбілқайыр хан, Сәңкібай батыр, Ә.Молдағұлова даңғылдарында, Ерназаров, Нариманов, Маресьев, Мәметова, Ибатов, Жұбанова көшелерінде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 11 және 12-ші шағын аудандарда да кезекшілік ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары су сорғылау жұмыстары бойынша 109 ақпарат қабылдау орталығына 109, 909-605 (қалалық нөмірі) және 8 778 746 33 33 (ұялы байланыс) нөмірлері арқылы қоңырау шала алады.