Қала әкімінің орынбасары К. Айдарханованың төрағалығымен мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілердегі жұмысы қаралды

Қала әкімінің орынбасары К. Айдарханованың төрағалығымен мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілердегі жұмысы қаралды
12.09.2018 Мемлекеттік басқарма

Мемлекеттік органдардың имиджін жақсартуда ресми веб-ресурстардың алар орны ерекше. Әкімдіктің ресми сайтынан бөлек, мекемелердің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары жұмыс жасайды. Бұл қаланың тыныс-тіршілігін бейнелейтін, халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қарауда тиімді.

Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген семинарда ресми ақпаратты жариялаудың тәсілдері ғана емес, әлеуметтік желілердегі парақшалардың тартымдылығын арттырып, қолданушылар санын көбейтудің жолдары да талқыланды.

Семинар соңында қала әкімінің орынбасары мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын жандандыруды тапсырды. Аталған жұмыстар жүргізілген жағдайда, мемлекеттік орган және тұрғындар арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығая түспек.