Қала әкімі Жеңіс күнін тойлауға дайындық жөнінде жиналыс өткізді
03.05.2019 Жалпы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты бүгін қалалық әкімдікте Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалық етуімен мерекелік іс-шараларды, қауіпсіздік пен құқық тәртібін ұйымдастыру туралы жиналыс өткізілді.

 «Бұл жалпыхалықтық мерекенің қалада ауқымды және ұйымдасқан түрде өткізілуі маңызды. Ең алдымен, мерекелік іс-шаралар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет », - деді қала әкімі.

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 74 жыл толуына орай түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік маңызды және спорттық іс-шараларды өткізуді көздеп, қаланы және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерді мерекелік безендіру жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отыр.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі бойынша:

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін кең көлемде атап өту мақсатында Ақтөбе қаласы әкімдігімен жоспарланған іс-шаралар тізбесі жинақталды. Тізбеге сәйкес 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қала көлемінде барлығы 20 мың адамды қамтитын 130 іс-шара жоспарланған, оның 48 қалалық іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Оның ішінде:

•    мәдени, көпшілік іс – шаралар – 20
•    спорттық шаралар – 10 («Жас жауынгер – 2019», «Қаһарман», т.б.)
•    патриоттық бағыттағы байқаулар–6 («Жігіт сұлтаны», «Лучший стрелок», т.б.)
•    спектакльдер мен қойылымдар – 3 («Снайпер», т.б.)
•    кездесу және дөңгелек үстелдер – 9.

3 мамырдан бастап қаламызда «Үздік атқыш», «Дорогой отцов» әскери спорттық жарысы, «Жігіт сұлтаны-2019», жеңіл атлетика, күрес, волейбол бойынша спартакиадалар өткізіледі.  

7 мамыр күні сағат 10:00-де Ақтөбе қаласының Абай даңғылы, 4А мекен-жайында ҰОС қатысушысы және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Николай Владимирович Лавровқа арналып мемориалдық  тақта ашылатын болады. Іс-шараға оның ұрпақтары қатысады деп күтілуде.

7 мамыр күні негізгі іс-шара cағат 11.00-де Өнер орталығында «Ел айбыны» атты мерекелік бағдарлама өтеді. Мерекелік бағдарлама барысында облыс әкімі қала тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін білдіретін болады.  

Ол жерге қаладағы әскери бөлімдер, шығармашылық ұжымдар (қалалық эстрадалық – үрлемелі оркестрі, «Сазды» жасөспірімдер үрлемелі оркестрі, «Әлия - Мәншүк - Хиуаз» патриоттық клуб мүшелері, арнайы әскери дайындық патриоттық топтар қатысады. Бұл шараға 1200 қатысушы тартылады.

Сонымен қатар, сағат 11:00-де Екі мәрте Кеңес одағының батыры Т.Бигельдинов Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының ашық есіктер күні өтетін болады.

9-мамырда Гүл шоқтарын қою рәсімдері бойынша:

Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде мәңгілік жатталып қалуы керек. Осыған орай, 9 мамыр сағ. 9.00-де «Мәңгілік алау» Даңқ Обелискінде және 9:30-да Ә.Молдағұлова мемориалында облыс және қала әкімдігі басшыларының, құқық қорғау органдары басшыларының, ардагерлеріміз бен қала қонақтарының қатысуымен ресми гүл шоқтарын қою рәсімімен бастау алады. Сонымен қатар, дәл осындай гүл шоқтарын қою рәсімі Батырлар аллеясында, Ә.Молдағұлова бюстінде, Бауырластар зиратында және «Зеңбірек» ескерткішінің жанында өтетін болады.

Мерекелік бағдарламалар бойынша:

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар 9 мамыр күні сағат 10-30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ (облыс әкімінің құттықтау сөзі), «Ақтөбе Арбаты» алаңы, «Керуен сити» ойын-сауық орталығы алаңы, А.С.Пушкин атындағы саябақ, «Ретро» саябағы, Астана ауданы «Деңсаулық саябағы», Алматы ауданы «Жеңіс» саябағында өтеді.

«Қазақ халқына мың алғыс» стелла   алаңында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың Тутұғыр алаңында Жеңіс күніне арналған театрландырылған көріністер көрсетіледі.

«Дала асханасы» ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта, «Керуен сити» ойын-сауық орталығында мен А.С.Пушкин атындағы саябақта ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Қазақ халқына мың алғыс» стелла   алаңында шараға келушілер үшін әскери-көліктік техникалар көрмесі мен фотозоналар орналыстырылады.
«Жеңіс жаңғыры», «Ұлы Отан соғысы әуендері» атты кешкі мерекелік бағдарламалар ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта сағат 20.30-дан бастап өтеді.  Мерекелік бағдарлама сағат 23.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта отшашумен аяқталады.

Шеру бойынша                

Тәжірибе көрсеткеніндей, бұрын шеруден кейін БАҚ-та көптеген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туысқандарының жағымсыз сөздері пайда болды, олардың туған-туысқандарының фотосуреттері қаланың әр жерлерінде және қоқыс жәшіктерінде шашылып, қайтыс болған ардагерлерімізді құрметтемеуге әкеп соқтырып отыр. Сондай-ақ, шеру кезінде орталық даңғылдар уақытша жабылып,  қоғамдық көлік кептелісінің пайда болуы себепті қала тұрғындарына қолайсыздықтар туғызған болатын.

Сонымен қатар, шеру өткізу үшін жоспарланған күннен 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) шеруді өткізуге өтініш беруі қажет болатын. Алайда қазіргі күнде ұйымдастырушылардан бұндай өтініш түскен жоқ.

Бұл жерде іс-шараның маңыздылығын ескерсекте, бірінші кезекте қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігіне назар аударып отырмыз.

Десек те, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туыстарының жақындары үшін 9 мамыр - Жеңіс күніне арналып ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өткізілетін мерекелік шараға ерлік көрсеткен ата-бабаларының портреттерімен келуіне болатындығын хабарлаймыз.

Қорытынды үндеу

«Қазіргі уақытта қалада 35 ҰОС қатысушылар мен мүгедектері тұрады, олардың саны жыл сайын азайып келеді, ҰОС ең жас қатысушысы – 91 жаста, ал ең қарты – 101 жаста. Олардың көпшілігі өз бетінше қозғала алмайды. Тиісінше, біздер ҰОС ардагерлерінің бір де бірін назардан тыс қалдырмайымыз керек, ардагерлердің ерлігіне, батырлығына құрмет көрсетуіміз, Ұлы Жеңіске қосқан зор үлестерін бағалауымыз қажет.

Сондықтан мен қаламыздағы  кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына өз ұжымдарымен бірлесіп, қаланы Жеңістің 74-жылдығын мерекелеуге дайындыққа белсенді атсалысуларыңызды сұраймын!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Сіздерді бабамыздың ерлігін еске алатын осынау қастерлі мерекеде кез-келген мәселеге түсіністік танытып, тыныштық сақтап,  мерекені көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алуға шақырамын» - деді І.Испанов өз Үндеуінде.

Қала әкімі ардагерлерге ерекше назар аударуды және оларға қолдау көрсету керектігін атап өтті.