Қала әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдады
22.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін Ақтөбе қаласы әкімдігіндегі «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Оpen space» форматындағы кабинетінде Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға 30-ға жуық ақтөбелік әртүрлі сұрақтарымен келді. Негізінен сұрақтар атаулы әлеуметтік көмек алу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспанаға қол жеткізу жолдарына, сондай-ақ, білім саласына қатысты мәселелермен байланысты болды.

Қала әкімі Мавр Абдуллин қабылдауға келген әр тұрғынның сұрағын мұқият тыңдап, мәселелерін түртіп алды.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында тұрғындарды қабылдаудың маңызы зор. Бұл — ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстанатынымыздың тағы бір дәлелі.  Қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі бақылауымызда болады. Себебі, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты міндетіміз», — деді қала әкімі.

Шаһар басшысы М.Абдуллин қала әкімінің орынбасарлары Айгүл Арынғазиеваға және Гүлназ Сисеноваға қабылдауда қойылған сұрақтарға қатысты нақты тапсырмалар берді.