Қала әкімі Шахан Жолдасбаевты туған күнімен құттықтап барды

Қала әкімі Шахан Жолдасбаевты туған күнімен құттықтап барды
29.12.2018 Жалпы

Қазақстанның «100 есімі» жобасының жеңімпазы, тағдырдың тәлкегімен  арбаға таңылса да мойымай, көпге үлгі болып жүрген азамат –Шахан Жолдасбаевты  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов арнайы құттықтап барды. Шаханға сыйлық тарту етіп, жылы лебізін білдірді.

38 жасқа толған Шаханның арманы биік, алға қойған мақсаттары көп. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетіп, кедергісіз орта қалыптастыру – басты арманы. Тәуліктегі әр минутын жоспарлап, қоғамға пайдалу болуға ұмтылған азаматтың әр ісі көпке үлгі. Шахан үшін туған күні мен жаңа жылда өз-өзіне есеп беру – дәстүрге айналған.

"Пандус Ок" ЖШС тек биылдың өзінде 70 нысанға заманауи пандус орнатқан.  Мүгедектерге арналған жол кіруге ыңғайлы ма, ені мен биіктігі талапқа сай ма, мұны Шахан өзі жеке қадағалап жүр. Арманы –  Ақтөбені мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  қолайлы қалаға айналдыру.