Қала әкімі өзен арналарын тазалауға қатысты қоғамдық ұйым өкілдерімен, тұрғындармен кездесті

Қала әкімі өзен арналарын тазалауға қатысты қоғамдық ұйым өкілдерімен, тұрғындармен кездесті
11.06.2019 Жалпы

Бүгін, 11-маусымда қала әкімі Ілияс Испанов өзен арналарын тазарту жұмыстарына қатысты Ақтөбедегі “Дыши, Актобе!” қоғамдық ұйымы өкілдері мен басқа да қала тұрғындарымен кездесті.

Ақтөбе қаласында жол картасына сәйкес 2017-2018  жылдары жобалау институтымен Ақтөбе қаласы аумағынан өтетін 8 өзеннің арналарын кеңейту, тереңдету, тазарту және жағаларын бекіту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптаманын қорытындысы алынды.

Осы жұмыстарға 4 мердігер мекемемен ("Компания Спецстрой" ЖШС, "Павлодарский речной порт" АҚ, "Берекелді" ЖШС, "Гидрокурылыс" ЖШС) өзендердің арналарын тазарту, жағалауларын бекіту  бойынша жұмыстарды жүргізуге 6,7 млрд теңгеге келісім-шарт жасалды.  Қазіргі уақытта, барлық жұмыстар осы әзірленген жобалық сметалық құжаттамаларға сәйкес жүргізілуде.