Қала әкімі ән авторларын марапаттады

Қала әкімі ән авторларын марапаттады
28.01.2019 Жалпы

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы 2019 жылы 28 қаңтарда «Өнер орталығы» концерт залында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен филармонияның 75 жылдығына арналған «Құтты мекен - Ақтөбем!» атты концерт өткізді. Концерттік бағдарламада Ақтөбе қаласы туралы әндер шырқалды. Сахнада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Әйтімов, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Орал-Қосай Байсеңгір, Ж.Нұрқасымова, филармония әншілері Г.Сағынғанова, А.Мәжікбаев, Д.Айтжанов, А.Мақашев, М.Сапарова, А.Төлесінов, Ж.Бекбосынов, М.Есетов, Г.Бөрібасова, А.Естілеуова, Е.Құмаров, Н.Омаров, С.Бегіман, А.Уразова, Ә.Шәкіров, Е.Алданазаров, Б.Балмағамбетова, Е.Дүйсеев, «Тамсан» тобы, сонымен қатар Ө.Елеков, Шынтас-Айнагүл Омаровтар және ВИА «Жасын» (Мұғалжар ауданы), «ҚОС - НҰР» дуэті өнер көрсетті.  Кеш барысында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» және «150 игі іс»  акциясы аясында, «Қаракет» қорының қолдауымен 1-ші топтағы мүгедек Қулмағанбетов Манас Әлімбекұлына үш бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Кеш соңында Ақтөбе қаласының əкімі Ілияс Испанов Ақтөбеге арналған əндердің авторларын Алғыс xатпен марапаттады. Өнер шеберлеріне облыс əкімі Б.Сапарбаевтың атынан ықылас гүлі берілді.