Қала әкімі Мавр Абдуллин жас актөбеліктің қоғамдық жұмысын үлгі етті

Қала әкімі Мавр Абдуллин жас актөбеліктің қоғамдық жұмысын үлгі етті
09.08.2019 Мемлекеттік қызметтер

Ақтөбе феррқорытпа зауытының 28 жастағы сенімділік инженері Ержігіт Еркінбайұлы Ақжар ауылында спорттық ғимарат жобасын жасады. 

Жас инженер-спортшы Ақжар ауылы балаларының 5-6 шақырым өтіп, Қарғалы ауылына спорт үйірмесіне баратынын көріп, оларға спорт ғимаратының жаңа жобасын жасаймын деп шешті.

-Мен өзім спортшымын,-деп мәлімдеді Ержігіт. –Мен ол балаларды өте жақсы түсінемін. Көздеріндегі отты көріп, солардың арасынан болашақта  олимпиада жеңімпазы шығады деп сенемін. Қала дамуына әлеуметтік жобаларға  қаржылай көмек қарастырылған «ERG қала» атты байқауы бар. Ақжар елді мекенінде спорттық ғимарат салуға жоба құруға бел будым. Қуантарлығы, байқауда жеңімпаз атандым. Енді келер жылы құрылыс жұмысын бастаймыз.

Қала әкімі Мавр Абдуллин 28 жастағы жас актөбеліктің қоғамдық еңбегін үлгі етіп, оны қала дамуына сіңген еңбегі үшін марапаттады.
«Біз осындай жоба ұсынатын жастарды қолдаймыз. Мемлекет бізге не береді емес, мемлекетке не бере аламыз деп ойлану қажет»,-деді қала басшысы.

Ержігіттен бөлек Гауһаршахназ Нұрланқызы, Аяжан Баекина, Нұржауған Сәттіғалиева, Гүлбану Өтешева, Гүлманат Жалғасова, Аида Қазкенова «Ақтөбе Дарыны-2019» байқауының жеңімпаздары атанды.