Қала әкімі Мавр Абдуллин "Шестихатка" елдімекеніне барды

Қала әкімі Мавр Абдуллин "Шестихатка" елдімекеніне барды
27.07.2019 Жалпы

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин проблемалық мәселелерді көтерген «Шестихатка» тұрғын алабының халқымен кездесті.

«Ауылда 130 үй бар. Бірақ, өкінішке қарай, мұнда автобус келмейді. Өйткені жол жоқ. Автобус болмағасын, оқушылар мектепке бару үшін 2 шақырымдай жүреді. Сондай-ақ, жарық мәселесін де бірнеше рет көтергенбіз», - деді жергілікті тұрғындар.

Қала басшысы тұрғындардың пікірін тыңдап, тығырықтан шығудың амалын табуға уәде етті.

«Мәселеңізді қараймыз. Мүмкіндігіміз келгенше, көмек береміз. Автобус бойынша мәселе жуырда шешіледі», - деді қала әкімі.

Бұдан кейін шаһар басшысы «Бірлік» тұрмыс алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған жерді қарады.