Қала әкімі І.Испанов «Достық» лагерінде демалып жатырған балалармен кездесті

Қала әкімі І.Испанов «Достық» лагерінде демалып жатырған балалармен кездесті
05.07.2018 Қоғам

«Бақытты бала-Мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай, қала әкімі Ілияс Испанов «Достық» жазғы лагеріне барды. 4 шілдеден бастап «Достық» жазғы лагерінің 3 маусымы басталды. Бұл маусымда 240 бала демалып жатыр.

Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау тапсырмасын орындау жұмыстары жалғасуда. Сол мақсатпен қала әкімі Ілияс Испанов 5 жетім балаға 50 мың теңге көлемінде сертификаттар, 21 аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті оқу құралдары бар рюкзактар, демалушы балаларға спорт бұйымдары мен балмұздақтар сыйға тартылды. Сонымен қатар, биылғы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы 137 бал алған №53 орта мектеп оқушысы Алпамыс Ақжол мен «Алтын белгі» иегерлері арасында ең жоғарғы 134 бал алған №50 орта мектеп оқушысы Иманғазин Ақжолға алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Ақтөбе қаласының әкімі И.С.Испанов туризм сабағына қатысып, «Батыр» шатырлы лагерінің жұмысымен, «Достық» жазғы лагерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Осы жазда лагерь 7 жастан 14 жасқа дейінгі жеңілдік санатындағы 800 балаға және де кез келген демалғысы келетін балаларды қабылдады. «Достық» лагері үш ай бойы толыққанды демалыспен,шаттық пен қуанышқа толы мекен. «Достық» жазғы лагерінде қызықты және әртүрлі бағдарламалардан, тәжірибелі педагогикалық кадрлардан тұрады. Лагердегі жұмыстың басым бағыттары: әр түрлі сауықтыру іс-шаралары және ойын-сауық түрлері, таза ауадағы демалыстар, денсаулық, спорттық және туристік іс-шаралар, мәдени шаралар, экскурсияларды ұйымдастыру.

«Достық» жазғы лагері –бос уақытты қызықты әрі тиімді өткізу,көптеген достармен,белсенді, көңілді тәрбиешілермен, тәлімгерлермен араласу орны болып табылады.

Осы жазда лагерь 7 жастан 14 жасқа дейінгі 800 балаға, Ақтөбе қаласының білім беру бөлімінің жеңілдік санатындағы балалармен,кез келген демалғысы келетін балаларды қабылдады.