Қала әкімі І.Испанов астана күні қарсаңында жаңа туған сәбилердің ата-аналарын құттықтады

Қала әкімі І.Испанов астана күні қарсаңында жаңа туған сәбилердің ата-аналарын құттықтады
05.07.2018 Жалпы

Ертең біздің еліміздің астанасы өзінің 20 жылдық туған күнін тойлағалы отыр. Бүкіл еліміз Астана күнін тойлап жатыр, ал кейбір тұрғындар үшін бұл күн ерекше болып келеді, себебі отбасыларының ең үлкен қуанышы – сәбилерінің, еліміздің жаңа азаматтарының дүниеге келуімен тұспа тұс келді. Бұл күні, дәстүрлі түрде, еліміздің бас қаласы –Астананың мерейтойы қарсаңында сәбилері дүниеге келген жас ата-аналарға кішкентай мейрам ұйымдастырылды. Бүгін, Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімінде, еліміздің астанасының 20 жылдығын тойлау қарсаңында, қала әкімі І.С.Испановтың қатысуымен жаңа туылған 20/жиырма/ сәбидің тууын тіркеп, естелік сыйлықтармен қоса туу туралы куәліктерін табыс ету салтанатты шарасы өткізілді. Әр сыйлық Ақтөбе облысы әкімі Б. М.Сапарбаевтың бастамасымен «Бала жылы» деп жарияланған биылғы жылдың басты эмлемасымен және қала әкімі І.Испановтың құттықтаулары жазылған карточкамен көркемделген. 

Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімімен ұйымдастырылған әр түрлі жалпықалалық іс-шараларға 200 жуықтай бала сыйлықтармен қамтамасыз етілді. 

Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімімен ұйымдастырылатын осындай іс-шаралардың негізгі мақсаты – неке мен отбасы институтын нығайту, отбасылық және рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады. 

Өткен 2017 жылы Ақтөбе қаласында 12 514 сәбидің тууы тіркелді. Ал ағымдағы жылдың басынан бастап осы күнге дейін Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімімен 6 284 жаңа туылған нәресте тіркелген. 

2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Ақтөбе қаласында 6 471 сәбидің тууы тіркелді, бұл көрсеткіш 2017 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 4 % өскендігін көрсетеді.