Қала әкімі есебінде айтылған мәселелер шешімін тауып жатыр

Қала әкімі есебінде айтылған мәселелер шешімін тауып жатыр
09.02.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов тұрғындармен кезекті есептік кездесуінде өзекті сұрақтарына көмектесуін өтінген бірнеше көп балалы аналармен кездест. Олар өздерін толғандырған мәселерді қозғады. Үш баланың анасы Айтпаева Ұлжан іргеге келіп тұрған газды тартуға көмектесуді сұраса, Спецавтобаза аумағында саяжайда тұратын Мұқашева Анаргүл үшін су мәселесін шешуге қол ұшын беруді сұрады. Қала әкімінің тапсырмасымен “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ және “Ақбұлақ” АҚ-ның жауапты қызметкерлеріне барлық мүмкіндіктерді қарастыру ұсынылды.