Қала әкімі ардагерлермен бірге Елбасыға арналған көрмеге қатысты

Қала әкімі ардагерлермен бірге Елбасыға арналған көрмеге қатысты
11.01.2019 Жалпы

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесіне қала  әкімі Ілияс Испанов және қала ардагерлері  қатысты.

Көрменің негізгі мақсаты – кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Көрме қонақтарының назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары, Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылды.

Көрме төрт бөлімнен тұрады:

1. Елбасы жолы.

2. Елбасы феномені.

3. Әлем таныған Елбасы.

4. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.