Қала әкімі ақжарлық тұрғындармен кездесті

Қала әкімі ақжарлық тұрғындармен кездесті
25.06.2019 Жалпы

Бүгін, 25-маусымда Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин Ақтөбе қаласының іргесіндегі «Ақжар-2», «Ақжар-плюс» бау-бақша ұжымы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар таңертеңгісін және кешкісін сағаттап берілетін ауыз суға қатысты шағымдарын айтты. 

Қала әкімі жұмыс тобымен бірге су скважиналары мен су қоймаларының жұмысымен танысты. Ауыз суға қатысты туындаған мәселе су қоймасына тікелей қатысты:  қазіргі су қоймасы 1200 жер учаскесінің тұрғындарына арналған, бірақ қазіргі таңда 2700-дей жер учаскесінің тұрғындары осы желі арқылы сумен қамтамасыз етіліп отыр. Қала әкімі «Ең әуелі судың қорын зерттеп, жұмыс тобымен мән-жайды анықтап болғасын ғана, ертең соған орай шешім қабылдайтын боламыз»,- деді.

«Акжар плюс» бау-бақша ұжымын орталықтандырылған су жүйесіне қосу мәселесі мен тұрғын үй массивіндегі қоқыс жинау маселесін қала әкімі орынбасары Ж.Бисембинге тапсырды. Қала әкімі сондай-ақ тұрғындардың қоғамдық көлікке қатысты да айтқан ұсыныстары жауапты органдар тарапынан ескерілетінін айтты.