Қала әкімдігінің қызметкерлері гір көтеруден арнайы марафон өткізді

Қала әкімдігінің қызметкерлері гір көтеруден арнайы марафон өткізді
31.12.2018 Жалпы

Бұқаралық спортты дамыту - өмір талабы. Елбасы өзінің әрбір Жолдауында xалықтың денсаулығының кепілі - бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөледі.Ақтөбе қаласының әкімдігі басшысы Ілияс Сапарбекұлынан өзінен бастап әкімдіктің мекеме басшылары да үнемі ақтөбеліктердің дене шынықтыру мен бұқаралық спортқа баулу мәселесіне баса  назар аударып, қолдаумен келеді. Бүгін соның айқын үлгісін көрсетті. Қаламыздағы “Жекпе жек” сарайында қала әкімінен бастап мемлекеттік мекеме басшылары гір көтеруден арнайы марафон өткізіп, жарысты. «Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы, гір көтеруден 12 рет әлем чемпионы Евгений Гончаров бір сағат 10 минутта 2019 рет гір көтеріп, тағы рекорд жасады! «Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол ізде» дейді xалық даналығы. Ендеше, қалалық әкімдіктің осындай спорттық шараларға белсене қатысуы үлгі тұтарлықтай! Жаңа жылда деніміз сау, айналамыз аман, қаламыз көркейе берсін деп тілейміз!