Қала әкімдігінде педагогикалық кадр жетіспеушілігі мәселесі көтерілді

Қала әкімдігінде педагогикалық кадр жетіспеушілігі мәселесі көтерілді
05.08.2019 Білім

Облыс орталығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жетіспейді деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін аппараттық кеңесте қалалық білім бөлімінің басшысы ағылшын тілін орыс тілінде жүргізетін  және орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерді.

«Қала бойынша 62 мұғалім жетіспейді. Биылғы жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті орыс тілінде оқытатын бірде-бір бастауыш сынып маманын шығармаған. Ал гумманитарлық колледжден 6 түлек қана келді", - дейді білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин жағдайды талдап, кадр жетіспеушілігінің себебін анықтауды тапсырды.

«Қалада үлкен педагогикалық университет бар, бірақ мұғалімдер жетіспейді. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жұмысын талдау қажет», - деп тапсырды қала басшысы Мавр Абдуллин.

Сонымен қатар, қала әкімі жаңа оқу жылына дайындықты жылдам әрі сапалы жүзеге асыру керектігін атап өтті.