Қала әкімдігінде «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Қала әкімдігінде «Мектепке жол» акциясы бастау алды
08.08.2019 Білім

Бүгін «Мектепке жол» акциясы бойынша ҚР Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы қалалық әкімдікпен бірлесе отырып, қалалық білім бөлімінің ұсынған тізіміне сәйкес 25 аз қамтылған отбасы балаларына 482 мың теңгеге мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және сөмке берілді.

«Өтініш бергендердің тізімінен іріктеу кезінде жұмыс жасауға қабілеті төмен, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтылған және толық емес отбасыларға  басымдық берілді", - деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева.

Қызыл Ай қоғамының филиалы "Мектепке жол"акциясына жыл сайын қаражат бөледі. 

"Соңғы 10 жылда 4 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды", - дейді филиал директоры Нұрлан Үдербай.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласынан "Шұғыла" сауықтыру балалар лагеріне демалуға келген 80 балаға Қызыл Ай қоғамы АФ киім-кешек пен санитарлық-гигиеналық керек-жарақтар табыс етілді. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізілді.