Қала басшысы Орынборда мектеп балаларын тамақтандыру комбинаттарының жұмысымен танысты

Қала басшысы  Орынборда мектеп балаларын тамақтандыру комбинаттарының жұмысымен танысты
12.06.2018 Мәдениет және спорт

Қала басшысының Орынбор қаласына жұмыс сапары аясында  І.Испанов "Огонёк" және "Подросток" атты мектеп балаларын тамақтандыру комбинаттарының жұмысымен танысты. 

«Огонек» мектеп балаларын тамақтандыру комбинаты» муниципиалдық кәсіпорнын Орынбор қаласының мүлкін басқару комитеті ашқан, заңды тұлға ретінде 1992 жылы 12 қарашада тіркелген.

2003 жылдың мамырында заңдылықтарға сәйкестендіріліп, «Огонек» мектеп балаларын тамақтандыру комбинаты» муниципиалдық біртұтас кәсіпорыны деп аталды.

Осы кезең ішінде комбинат тұрақты дамып отырды – жаңа мектептер пайда болды, цехтар жаңғыртылды, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды.

Қызмет көрсету желісі

Қазіргі кезде ұйым Орынбор қаласының жалпы саны 13 мың бала оқитын 29 мектебіне (оның бір бөлігі буфеттер), Орынбор қаласының Солтүстік округіндегі жалпы саны 9 мыңнан астам тәрбиеленушісі бар 38 балабақшаға қызмет етеді. 

Комбинаттың қызмет көрсету желісі жаңа нысан ретінде (85, 86 мектептер) көрінеді, кәсіпорын білім беру мекемелерімен ұзақ жылдардан бері ынтымақтастықта. Мысалы, №15, №61 мектептерге комбинат 25 жылға жуық уақыттан бері қызмет көрсетіп келеді. 

Кадр құрамы

Комбинат алдындағы маңызды міндеттерді шешуді жоғары кәсіби мамандар жүзеге асыруда. Қазіргі кезде кәсіпорында 320 адам жұмыс істейді. Оның 300-ден астамы әйелдер.

2013 жылдан бері кәсіпорында жұмыс істейтіндер саны 100 адамнан 320 адамға жетті.